Орыс және монғол тілдерінде антонимдік қатынасты білдірудің ерекшеліктері

Авторлар

  • Lее V.S Tchelemuge әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph14

Аңдатпа

Мақалада түрлі жүйелі тілдердің арасында антонимдік қатынасты зерттеудің жалпытеориялық
және лингвомәдениеттік қырлары қарастырылған. Қазіргі лингвистикада ұсынылатын «антоним»
терминінің кең таралған ұғымы мен дефиницияларына шолу жасалған. Сонымен мақалада
антонимдік қатынасқа (көзқарасқа) кіретін тек бір сөйлем мүшесі ғана емес, түрлі грамматикалық
белгілері мен әркелкі семантикалық (мағыналық) және синтаксистік қызмет жасайтын сөйлем
мүшелерінің сөздеріне сәйкес келетін, антонимия ұғымының тұжырымдамасы әзірленген. Талдау
жасау үшін материал ретінде орыс және монғол тілдеріндегі антонимдік қатынасқа кіретін сөздер
мен сөйлемдер негізге алынды. Талдау барысында түрлі айырмашылықтарына қарамастан, орыс
және монғол лингвомәдениетіндегі антонимия шынайы категориялық және концептуалдаудың
жалпы қағидасына, адам санасына тән ережелерге жүгінетіні көрсетілген. Сондай-ақ антоним
тілдің лексикалық-семантикалық жүйесінің басқа категорияларымен тығыз байланысқаны
талдауда анықталған.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі