Арнаулы мақсатты тіл

Авторлар

  • Alkebayeva D.A , Amirov A.J, Alimtayeva L.T, Kurmanzhanuly B әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph15

Аңдатпа

Бұл мақалада соңғы уақытта лингвистикада пайда болған арнаулы мақсаттағы тілдің
қалыптасуы, дамуы қарастырылады. Заманауи талаптарға сай арнайы мақсатқа бағытталған,
кешенді, прагматикалық мәдениет аралық коммуникацияда арнаулы мақсаттағы тіл зерттеулерінің
нәтижелерін қазіргі Қазақстанның білім беретін үдерісіне қосу қажет. Сондай салалардың бірі –
арнаулы мақсаттағы тіл, орысшасы ЯСЦ, ағылшыншасы (LSP). Бұл мақалада арнаулы мақсаттағы
тілдің пайда болу себептері, оған ықпал еткен факторлар, оның ғылыми-терминологиялық сипаты
туралы баяндалады. Арнаулы мақсаттағы тілдің функционалды стилі, регистрмен арақатынасы,
жанрлық ерекшеліктері, ондағы лексикалық бірліктер, сөзжасамдық құбылыстар, басқа тілдің
бірігуінен жасалынған сөздер, сандық және жасанды символдар, әдеби тілден жасалынған
терминдер, кәсіби сленгтердің қолданылуы қарастырылады.

Жарияланды

2019-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі