Орыс тіліндегі «улыбка» («жымию») лексемасының лексикалық-семантикалық мағынасы: лингвистикалық сараптама жүргізу тәжірибесі
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph16Аңдатпа
Бұл мақалада орыс тіліндегі «улыбка» («жымию/күлімдеу») лексемасы мысалында лингвистикалық сараптаманы жүргізу тәжірибесі қарастырылған. Автор «жымию»/«күлімдеу» деген сөзді
лингвистикалық сараптамадан өткізді: «жымию»/«күлімдеу» деген сөз жиі қолданылатын сөзге
жатады ма, әлде бірегей дербес болып саналады ма және бұл сөздің стоматология саласындағы
қызметтермен ассоциативті байланысы бар ма? Зерттеу үшін лексикалық-семантикалық талдау
әдісі, еркін ассоциациялар әдісі және т.б. қолданылды. Сараптама барысында орыс тілінің
барлық түсіндірме сөздіктерінде «улыбка» сөзінің сөздік мақалалары, сондай-ақ орыс тілінің
Жиілік сөздігінде осы сөзді пайдалану туралы статистикалық деректер қаралып, талданды.
Сараптама нәтижесі бойынша автор «күлімсіреу» сөзі жалпы қолданылатын сөз және пайдалану
аясы шектеулі лексикаға жатпайтындығы туралы, сондай-ақ, стоматология саласындағы
қызметтермен жанама ассоциативті байланысқа ие екені туралы қорытынды жасайды.








