Бейвербалды амалдар және соматикалық фразеологизмдер
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph20Аңдатпа
Мақалада қарым-қатынаста тілдік элементтердің орнын ауыстыра алатын, оған қосымша
мағына үстейтін коммуникациядағы бейвербалды амалдар туралы сөз болады. Еңбекте паратілдік
амалдардың коммуникациядағы мағынасы, сонымен қатар көркем әдебиетте берілу жолдары
және де қандай дене мүшесі арқылы берілгендігі нақтылап көрсетілген. Сонымен бірге ғылыми
еңбекте бейвербалды амалдар алғаш пайда болып, соңынан осы дене мүшесіне және қимылдың
жасалғандығына байланысты фразеологизмдер туындаған деген пікір айтылады. Әрбір
айтылған пікір көркем шығармадан алынған дәйекті де нақты мысалдармен дәлелденіп отырады.
Коммуникациядағы бұл бейвербалды элементтер әртүрлі эмоцияны, көңіл-күйді, сонымен қоса,
басқа мағынаны білдіре алады. Қазақ тілінде осы сияқты бейвербалды амалдар көптеп кездеседі.








