Коммуникация теориясы контексіндегі сөйлеу қызметінің құрылымдық ерекшеліктері

Авторлар

  • Salkhanova Zh.Kh, Khairusheva E.E әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph25

Аңдатпа

Мақалада пәнаралық тәсіл контексінде қарым-қатынас және сөйлеу әрекетінің өзара
әрекеттесу мәселесі қарастырылады. Бұл байланысты және қарым-қатынасты ажырата білу
қажет, осы ұғымдар синоним сөздер ретінде пайдаланатынына қарамастан. Коммуникацияға кез
келген байланыс, жүйелердің де, индивидуумдардың да өзара іс-қимылы кіреді және қарымқатынастың барлық түрлерін қамтиды. Коммуникацияның мазмұны ақпарат алмасу болып
табылады. Тіл және сөйлеу қызметі коммуникация үдерісіне енгізілген, бірақ коммуникацияның
заманауи негізі емес, тарихи болып табылады. «Бір адамнан екіншісіне» коммуникация ретінде
тұлғааралық коммуникация қазіргі уақытта қоғамдық коммуникациялық процестің бір бөлігі
ғана. Ол жеке тұлғаның тікелей шағын ортасындағы бірлескен қызметті жанама етеді. Осыған
байланысты қарым-қатынас процесінің нәтижелілігін анықтайтын сөйлеу қызметінің құрылымдық
ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туындайды. Мақала мақсаты – сөйлеу қызметінің құрылымы
мен ерекшелігін, қарым-қатынас теориясы мен коммуникативтік көзқарас контексінде
анықтайтын компоненттерін көрсету.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі