Болон үдерісінің академиялық терминдері
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph27Аңдатпа
Мақалада Болон үдерісінің академиялық терминдері төрт топқа, яғни халықаралық қатынастар, ғылыми инновациялық, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары бойынша жіктеліп
ұсынылады және олардың анықтамалары берілді. Мақалада талданған Болон үдерісінің академиялық терминдері дереккөзі ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
26 желтоқсан 2013 жыл №3 хаттамамен (29 тамыз 2014 жыл, №1 хаттамамен өзгертулер
енгізілген) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми-әдістемелік Кеңес
мәжілісінде бекітілген Академиялық саясаты басшылыққа алынды. Зерттеу барысында
Қазақстан Республикасы білім жүйесіндегі 2010 жылға дейінгі қолданылып келген кейбір
академиялық терминдердің орнын Болон үдерісіне байланысты енген академиялық терминдер
алмастырғандығы анықталды. Сонымен қатар, мақалада отандық және шетелдік терминологғалымдардың ғылыми еңбектеріндегі термин және терминология анықтамалары берілді.








