Оқу процесінде студенттердің зияткерлік белсенділігін дамыту мәселесі
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph28Аңдатпа
Мақалада университеттің оқу процесінде студенттердің зияткерлік белсенділігін дамыту
зерттеу мәселесі қарастырылады. Студенттердің зияткерлік белсенділігі зерттеудің өзектілігі
болып табылады, қазіргі таңда өнімді ойлау жеке тұлғаның маңызды жақтары ретінде ойлаудың
тұрақты аналитикалық-синтетикалық дағдыларын меңгеруге негізделген. Алайда, теория мен
жоғары білім беру тәжірибесіндегі жаңа педагогикалық әдісті қарқынды іздеу бірқатар қарамақайшылықтарға негізделген, олардың ең бастысы – ЖОО-да оқытудың дәстүрлі әдістері мен
нысандарының қоғамды реформалаудың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сәйкес
келмеуі болып табылады. Ол өз қызметін шығармашылық және дербес айқындауға қабілетті
тұлғаны қалыптастыру бойынша жаңа әлеуметтік тапсырысты ұсынады, осы талап тұрғысынан
әдістемелік ғылым, сонымен қатар қазіргі заманғы жоғары білім беру мекемесінің барлық
педагогикалық процесінің ең өзекті бағыттарының бірі – студенттердің зияткерлік белсенділігін
дамыту қажеттілігі болып табылады және шығармашылық бастамашылық пен мақсатты
дербестік нәтижесі күтіледі. Құжат білім берудің нақты деңгейіне: бакалавриат, магистратура
және докторантурада білім беруді сипаттайтын еуропалық білім беру кеңістігінің («Дублин
дескрипторлары») біліктілік талаптары сияқты, осы мәселеге қатысты негізгі ұғымдарды
қарастырады. Бұдан басқа, студенттердің психикалық белсенділігін арттыру және оқу
нәтижелерін жетілдірудің тиімді әдістерінің бірі ретінде оқу процесіндегі Б. Блум таксономиясын
пайдалану талданады.








