Білім беру саласында lean жаңа әдіс ретінде
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph32Аңдатпа
Білім саласында көптеген зерттеу жұмыстары жасалып, болашағымызды құрайтын
жас ұрпаққа сапалы білім беру үшін инновациялық әдістер енгізіліп жатыр. Сондықтан біз
жаңашылдықпен бірге аяқ басып отыруымыз керек. Осы мақалада қазіргі таңда білім саласына
жаңа әдіс ретінде енген Lean әдісі туралы сөз қозғалды. Үнемді білім беру әдісінің шығу тарихы,
білім саласында қолданысы мен алатын орны, оның артықшылығы мен кемшілігі қарастырылды.








