«Ғылыми стильдің түрлері: қалыптастыру кезеңдері және лингвистикалық тәсілдері (ғылыми-жаратылысы мен ғылыми-техникалық сөйлеу құрылыстары)»
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph33Аңдатпа
Мақалада сөйлеудің ғылыми-жаратылысы мен ғылыми-техникалық қалыптасу кезеңдері
сипатталған. Сөйлеу құрылымы аударматану мен лингвистикалық әдістер арқылы зерттелген.
Ғылыми мақала сол нәтижелердің негізінде сөйлеу қатынасы қызметінің ең жоғары деңгейі
ретінде қарастырылған. Ассоциация негізінде сөйлеу құрылымына көп көңіл бөлінген. Сөйлем
құрылымының тілдік лексикалық ерекшеліктері, ақиқат өмірден алынған сөйлеу кезіндегі
коммуникативті стратегияны таңдау нақты көрсетілген. Осыны негізге ала отырып, коммуникативті
сөйлеудің негізгі кезеңдеріне сүйенген сөйлеу құрылымының үш деңгейлі классификациясы
ұсынылады.
Бұл зерттеу материалдарының өзектілігі мен жаңалығы ағылшын-орыстілді ғылыми саладағы
аударма мәселесінің теориялық және практикалық проблемаларына негізделген. Аталған
тақырыпта жазылған бұл және басқа да зерттеу жұмыстарының материалдары әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі жаратылыстану факультеттерінің студенттеріне оқыту
тәжірибесінде пайдаланылады. Оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулықтар дайындалған
және жарияланған.








