Шетел тілін үйретудің лингво-мәдени тәсілі

Авторлар

  • Nurmukhanbetova A.A, Tsyganova V.A, Issabayeva B әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph34

Аңдатпа

Қазіргі кезде тіл сөздік қор ғана емес, сонымен қатар өз ой-пікірін жеткізу, барлық ілім-білім
деңгейін көрсету және дүниетанымы туралы түсінігін білдірудің құралы болып табылады.
Біз ойлау қабілетіміз арқылы белгілі бір мәдени деңгейде дүниені танып білеміз және
айналадан алған әсерімізді, пікірімізді, эмоциямызды тіл арқылы жеткіземіз.
Тіл мен мәдениет түсінігі түйісетін арнада пайда болған лингво-мәдени тәсілі тілдік және
мәдениаралық қарым-қатынастың аспектілерін қамтиды.
Сондықтан тілді осы тұрғыда қарастыру студенттерге кез келген елдің ұлттық ерекшіліктеріне,
географиясы мен тарихына, салт-дәстүрлеріне, мәдениеті мен шығармашылығына сүйене отырып
үйренуге мүмкіндік береді.

Жарияланды

2019-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі