М. Мағауиннің «Аласапыран» романындағы этномәдени ақпараттың интерпретациясы

Авторлар

  • Telgaraeva L.B, Naciye Yildiz, Esembekov T.O әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph38

Аңдатпа

Мақалада Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романындағы этномәдени ақпараттың ұлттық
құндылықтар қорын қалыптастырудағы әлеуеті қарастырылған. Романдағы этномәдени
ақпараттар түрі мен сипаты және олардың тәржімеде берілуі мен сақталуының деңгейі мысалдар
арқылы талданады. Эскпрессиялық мағына тудырып тұрған этномәдени ақпараттың көркемдік
қызметтері сарапталған. Автордың романда көтерген этномәдени ақпаратының заманауи
өзектілігі айқындалған. Романдағы ұлттық код, ұлттық болмыс пен бірегейліктің белгілері мен
көрсеткіштері сараланып, олардың танымды жаңғыртудағы, өткен тарихымызды түгендеудегі,
ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртудағы орны мен қызметі зерделенген

Жарияланды

2019-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Аударма теориясы