Көркем шығармадағы «автор – шығарма – оқырман» байланысы жүйесінде типологияның ауытқуы
DOI:
10.26577/EJPh-2019-3-ph1Аңдатпа
Мақалада зерттеліп отырған мәселе әдебиеттану саласында өзекті болып табылады.
Поэтиканың коммуникативті аспектілері ғалымдармен сирек немесе жүйесіз қарастырылған, ал
қазіргі кезде жаңа, қарқынды дамып келе жатқан әдебиет теориясының бөлімі болып табылады.
Қолдану амалының жаңашылдығы зерттеу объектісінің өзінде: сөздік әдеби коммуникация
каналының шалысының типологиялық сипаттамасы алғашқы рет қолданылып отыр. Сараптама
әртүрлі материалда өткізілген; әр бөлімдегі теоретикалық ереже классикалық және заманауи
әдеби шығармалардың (немесе олардың фрагменттерінің) сараптамасынан шығады. Әдеби
сөйлеу құбылыстарының зерттеліп отырған психологиялық механизмдерінің көрінуі тексттің
тек «дефекті» жерлерінде ғана емес, сонымен қатар тәжірибелі авторлардың әдеби тәсілдерді
әсерлі құру үшін осы механизмдерді қолданатыны көрсетілген. Нақты кемшіліктер бөліміндегі
В.Маяковский мен А. Цветкова өлеңдері аналитикалық бөлік мысалдарына, И. Тургеневтің «Рудин»
шығармасы бейнелік келіспеушілік бөліміне, В. Набоков әңгімелерінен кеңістік және уақыттың
жылжуы туралы, А. Пушкиннің «Ворон к ворону летит...» өлеңі оқырманның стереотипі бөліміне
кіреді. Осымен бірнеше рет және әртүрлі деңгейлерде негізге алынатын көркем коммуникацияға
кері байланыс қағидасының әсері көрсетіледі: текстің құрылу әрекеттері мен шарттарының
құрылуына оқырман қабылдауының заңдылықтарының әсері. Зерттеудің қорытындыларын
көрсету кезінде автор оқырмандармен бірге өткізген психологиялық эксперименттердің
мағлұматтарын келтіріледі.








