Үнемдеу құбылысының әсеріне ұшыраған сөздердің қазіргі тілдегі көріністері

Авторлар

  • Nurettin D Zhuzbayeva A.S

DOI:

10.26577/EJPh-2019-3-ph17

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындарында академиялық пәндер қатарынан орын алатын қазақ
тілінің тарихы пәнінің еншісіне кіретін үнемдеу заңының ерекшеліктері жан-жақты жүйеленіп
қарастырылады. Үнемдеу заңы, өз кезегінде, қазақ тілінің кез келген саласында орын алған,
үнемдеуге ұшыраған дыбыстарды, сөздерді және сөйлемдерді зерттейді. Тіл тарихының даму
барысын танытатын жаңа үрдістер үнемдеу заңының бұрын зерттеу нысанына айналмаған
категорияларының ғалымдар назарын өзіне бұра отырып, осы сала зерттейтін мәселелер аясын
кеңейткенін көрсетеді. Мақалада үнемдеу құбылысына ұшыраған сөздер тіл білімінің барлық
салалары бойынша, атап айтқанда, фонетика, морфология, лексикология және синтаксис
салалары бойынша зерттелген. Тіл еш уақытта динамикалық күйін жоғалтпайтынын, әрқашан
өзгеріп отыратынын аталған үнемдеу құбылысы дәлелдеп берген болатын. Мақалада аталған
құбылыс туралы жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен қатар, қазақ тіл білімінің тілшілері мен
ғалымдарының да ой-пікірлері жан-жақты талқыланды. Зерттеу барысында қазақ тіл білімінде
үнемдеу құбылысының үнемдеу заңына айналуына бірнеше факторлар әсер еткені анықталды.
Лингвистикалық зерттеулер барысында үнемдеу құбылысына ұшыраған сөздер тіл білімінің
тарихында да, көне түркі тілдерінде, қазіргі қазақ тілінің бойында да бар екендігі нақты
мысалдармен дәлелденді.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-11-28

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі