Әлемнің тілдік бейнесіндегі зооморфизмдер («еркек» және «әйел» концепттерінің орыс және қазақ тілдерінде сипаттамалары негізінде)
DOI:
10.26577/EJPh-2019-3-ph20Аңдатпа
Мақалада зооморфизмдер орыс және қазақ тілдерінің әлемнің тілдік бейнесіндегі көрінісі
ретінде сипатталады және ұлттардың өмірі мен салт-дәстүріндегі айырмашылықтарына
байланысты зооморфизмдердің ұлттық және мәдени ерекшелігі карастырылады. Мақалада орыс
және қазақ тілдерінің «еркек» және «әйел» концепттері сипаттамалары кездесетін зооморфизмдер
кеңінен қолданылатын мысалдар талданылады. Жұмыста коммуникативтік тәжірибеде жиі
қолданылатын зооморфизмдерге аса назар аударылған. Бұл бірліктер әлеуметтік жағдайы әр
түрлі деңгейдегі адамдарға қаратпа сөз ретінде қолданылады және адамның сыртқы бейнесі
мен мінез-құлығының ерекшеліктерін сипаттайды. Мақалада сырт-келбетті, сонымен қоса орыс
және қазақ тілдеріндегі ер мен әйелдің мінездері бейнеленген жиі қолданылатын зооморфтық
сипаттамалар көрсетілген. Көркем, бейнелі метафоралардың осы түрінің арқасында адам өзінің
ойын қысқа, тиімді әрі кең түрде жеткізуге болатындығы көрсетілген. Сонымен қатар, кейбір
сөйлеу сәттерде нақты жеткізуге мүмкіндік туғызатыны айқын екендігі және басқа адамды да
сипаттап беруге мүмкіндігінің болуы жайлы тұжырым жасалынады. Мақалада дәл осы себеппен
сан алуан көңіл-күйлер адамдарда әртүрлі жануарлармен байланысты пайда болатыны және
оның санының көптігі зооморфизмдердің жоғары танымалдылыққа ие екендігін кеңінен көрсетіп
дәлелдейді.








