Қазақ антропонимдері және есім қою дәстүріндегі өзгерістер

Авторлар

  • Smagulova J.S, Parmanova U.I

DOI:

10.26577/EJPh-2019-3-ph21

Аңдатпа

Ат-есімдер тұлғаға телінетін атаулар ғана емес, тарихи-мәдени контекст пен экстралингвистикалық маркерлерден (аймақ, тап, ұлт және дін) хабар беретін антропонимдік символдар.
Мақала авторлары қазақ есім қою дәстүрінің қазіргі жай-күйін зерттеу, Қазақстанның қалалық
аймақтарындағы антропонимдік әлеуметтік үрдістерді зерделеу мақсатын көздейді. Бұл
зерттеудің мақсаты – Алматыда тұратын қазақтілді және орыстілді қазақтардың есімдерін
негізге ала отырып, дәстүрлі есім қою үрдісіндегі өзгерістер мен оған әсер ететін әлеуметтік
факторлардың көрінісін талдау. Мақала авторлары қазақ антропонимдері мен есім беру дәстүріне
арналған бұған дейінгі отандық және шетелдік авторлар еңбектеріне шолу жасап, зерттеудің
өзектілігін дәлелдей түскен. Зерттеу нәтижесінде квантитативті тәжірибе негізінде жинақталған
1700-ден аса есімді негізге ала отырып, ұрпақтар арасындағы ат қою дәстүрінің өзгерісін
байқап, оған әсер етуші себептер анықталған. Зерттеу қорытындысы есім таңдаудағы ұрпақтар
арасындағы алшақтықты және айрықша өзгерістерді көрсетті. Қазіргі қазақ есімдері формасы
жағынан қысқарғанын, қазақ тілінің төл дыбыстарын қамтымайтын есімдердің көбейгенін және
дәстүрлі қазақ тұлғаларының (мыс., -бай, -бек, -ғали/қали, -гелді/келді, -мырза т.б.) ат-есімдерге
жалғанбай, сиреп бара жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері қазақтілді
респонденттер мен орыстілді респонденттердің жауаптарындағы есімдердің фонетикалық,
морфологиялық және семантикалық өзгерістер мен ерекшеліктердің барын байқатады.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-11-28

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі