Ағылшын тілін оқытудағы тілдік кедергілерді жеңу әдістері
DOI:
10.26577/EJPh-2019-3-ph25Аңдатпа
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік кедергілерді жеңудің жалпы принциптері мен әдістері,
олардың қарым-қатынасы мен шарттылығындағы компоненттер біздің назарымызды шет
тілінің коммуникативті қабілетін қалыптастыру процесінде бірнеше талаптарға аударды.
Сонымен бірге, біз нақты оқу жағдайларында мазмұнды ұйымдастырудың, оқу процесінің
динамикасындағы белгілі бір сәттермен байланысты болатын бөліктерді немесе бірліктерді
анықтаудың әдіснамалық мәселелеріне тікелей тоқталмадық. Сонымен бірге, ағылшын
тілін оқытудың мазмұнын ұйымдастырудың негізгі ұйымдастырушылық-әдістемелік бірлігін
анықтау мәселесі, әдіснамалық көздер көрсеткендей, көптеген жылдар бойы зерттеушілердің
назарын аударды. Сонымен, біз студенттердің танымдық-коммуникативтік әрекетін белсендіру
процесі жүзеге асырылатын оқытудың негізгі ұйымдастырушылық-мазмұндық бірлігі ретінде
тақырыптың әдістемелік мәртебесін айқындау қазіргі уақытта өзекті деп санаймыз. Тілдік
және лингвистикалық құзыреттіліктер жанама түрде, оқу материалының мазмұны арқылы
және коммуникативтік құзыреттілікке ие болу процесінде қалыптасады. Коммуникативтік
құзіреттілікті қалыптастыру коммуникативті және функционалды тәсілге негізделген сөйлеу
әрекетінің барлық төрт түрі бойынша өзара байланысты жаттығулар арқылы қамтамасыз
етіледі. Сонымен бірге оқыту мазмұнына коммуникативті маңызды сөйлеу жағдайларын қосу
қажеттілігі дұрыс айтылған. Сондай-ақ, тілдік құралдарды таңдау тілдік жүйемен емес, олардың
сөйлеу функциялары, олардың коммуникативті құндылығы мен типтік коммуникациялық
жағдайдағы негізгі коммуникативті мәселелерді шешуге қызмет ету қабілетін ескере отырып
анықталатындығы көрсетілген.








