Жамбыл Жабаев поэзиясындағы хронотоп категориясы

Авторлар

DOI:

10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph1

Аңдатпа

Мақалада қазақ әдебиетінің классигі Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы қарастырылады.
Қаламгердің көркемдік әлемі мен болмыс және жеке тұлғаның авторлық концепциясының
ерекшеліктері ашылады. Мақалада Ж. Жабаевтың шығармашылық шеберлігі және ақиқат
шындықты бейнелеудегі өзіндік тәсілдері пайымдалады. Зерттеу нысаны ақын өлеңдерінің
кеңістіктік-уақыттық континуумы болып табылады. Жамбыл Жабаевтың шығармашылығындағы
хронотоп категориясының рөлі ашылады. Уақыт пен кеңістіктің көркемдік әлем құрудың негізі
болып қана қоймай, ақынның философиялық-эстетикалық көзқарастарын ашуға ықпал ететіндігі
көрсетіледі. Хронотоп категориясының талдауы негізінде ақынның өзі суреттеген құбылыстар
мен оқиғаларға қатынасы анықталады. Талдау барысында Ж. Жабаев туындыларының кеңістіктік-
уақыттық континуумы күрделілігімен, көп өлшемділігімен сипатталатындығы дәлелденеді.
Ақынның поэзиясындағы оның дүниені қабылдауы және дүниені сезінуін көрсететін хронотоптың
түрлі типтері анықталады. Зерттеу барысында Ж. Жабаев шығармаларындағы уақыт пен кеңістік
категорияларының қызмет ету ерекшеліктері қарастырылады. Өлеңдерде бейнеленетін әлемнің
көпқырлылығы, ақынның лирикалық кейіпкердің жан кеңістігіне деген қызығушылығы айтылады.
Жамбыл Жабаев шығармаларының құру принциптері ашылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-08

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану