Парвин Этесамидің поэзиясы
DOI:
10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph2Аңдатпа
Парвин Этесами – ХХ ғасырдың ортасында өмір сүрген Оңтүстік Әзірбайжанның белгілі
ақындарының бірі. Атақты зиялы отбасында дүниеге келіп, тамаша білім алған ақын қыздың
поэзиясы сол кезеңдерге қарамастан Әзірбайжанда ғана емес, Иранда да танымал болып,
сүйіспеншілікке бөленген. Оның шығармаларын қазіргі заманның белгілі философтары Бахар
мен Ахмед Кясряви тарапынан жоғары бағалануы кездейсоқтық емес. Әзірбайжандық ақын
шығармаларын парсы тілінде жазғанына қарамастан, әзірбайжан халқының тағдыры әрқашан оның ойынан шықпаған. Ақынның жеке өмірінде қиындықтар көп кездескенмен, ол өзінің қысқа
ғана ғұмырында артында бай әдеби мұра қалдырып кетті. Бірқатар туындылары парсы тілінен
әзірбайжан тіліне аударылса, тағы бір бөлігі әлі де аударылуда. Шығармаларында адамзаттық
тақырыптарды арқау еткендіктен қаламгердің поэтикалық ізі көпқырлы, жан-жақты. Ақын
әрқашан қоғамдық-саяси мәселелерге басқа көзқараспен қарап, өз пікірін батыл түрде білдіріп
отырған. Қаламгер поэзиясы жұмысшылар мен әйелдердің тағдырына қатты әсер етті. Оның
замандастары, сондай-ақ кейінгі зерттеушілер ақын шығармаларын жоғары бағалап, оқырмандар
рухын қайта жаңғыртып, оның ойларын жалғастыруда.








