Қазіргі қазақ антропонимдерінің тілдік айрықша белгілері

Авторлар

  • Madiyeva G.B . Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0003-3198-0024
  • E. Hoffmann . Венский университет экономики и бизнеса, Австрия, г. Вена http://orcid.org/0000-0001-8136-1817
  • A.T. Aliakbarova Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0001-9517-1096

DOI:

10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph11

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ кісі есімдеріне стратиграфиялық талдау жасалады. Зерттеудің
дереккөзіне Алматы қаласы (Алмалы, Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай,
Түрксіб аудандары) Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімдерінен алынған туу туралы
акт жазбалары жатады. 2010 жылы туылған 5000-нан астам жас нәрестенің есімдеріне талдау
жасалды. Заманауи қазақ есімдері этнолингвистикалық топтарға және топшаларға бөліп
қарастырылады. Зерттеудің этнолингвистикалық аспектісі қазақ антропонимиясының даму және
қалыптасу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туғызды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, сәбиге
есім беруде ұлттық мәдени код тарихи естеліктер ретінде мәңгі сақталып, нәтижесінде есім
қоюға қатысты ұлттық дәстүр өз жалғасын табуда. Дегенмен, қазіргі таңда қазақ антропонимиясы
төрт бағытта даму жолында екендігін атап өтуге болады. Біріншіден, есім беруде қазақ
антропонимиясы дамуына негіз болған түркі-қазақ дәстүрі сақталып отыр. Екіншіден, қоғамдағы
діни көзқарастың өсуімен байланысты араб тіліндегі есімдердің артуы байқалады. Үшіншіден,
қазақ есімдері қорына орыс және еуропа тілдері есім беру дәстүрінің енуі. Төртіншіден, есім
берудің жаңа үрдісі туындап отыр: екі есімнен бірігіп жасалып, дефис арқылы жазылатын
есімдер, екі есімнен жасалып, бірге немесе бөлек жазылатын есімдер.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-09

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі