Функционалды прагматика теориялары
DOI:
10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph12Аңдатпа
Мақалада тіл біліміндегі жаңа бағыттардың бірі саналатын функционалды прагматика туралы
баяндалады. Функционалды прагматика сөйлеу әрекетінің негізінде қалыптасып, Еуропа елінде
кеңінен зерттеліп жатыр. Алғаш рет герман лингвистикасында сөз болған бұл теория қазіргі
таңда кез келген тілді зерттеуге теориялары мен эмперикалық әдістерін ұсынып отыр.
Функционалды прагматиканың өзіне тән категориялары мен өрістері бар. Мақалада әр
категория мен өріс түрлеріне жеке-жеке тоқталады. Сонымен қатар функционалды прагматика
теориялары коммуникация барысында туындаған дискурс пен мәтіндерді анализдеуде
таптырмайтын тіл білімінің бағыты.
Функционалды прагматиканың базалық категориясы сөйлеу әрекеті болып саналады. Сөйлеу
әрекетінің ең кіші бөлшегі – процедура. Процедура термині осыған дейін медицина саласында
жиі кездесетін. Қазіргі таңда тіл білімінде де өзіндік сипатын қалыптастырып отыр. Және де
сөйлеу әрекетінің ішкі құрылымдары сөйлеу актілеріне тоқталады. Әсіресе иллокутивті акті
түрлері ерекше сипатталады. Сөйлеу әрекеті ретінде дискурс пен мәтін қарастырылды. Әр тілдік
өріс түрлерін сипаттағанда көркем мәтіннен үзінді алынып, мысалдармен бекітіледі.
Функционалды прагматика эмперикалық зерттеу әдістеріне ие. Ол HIAT бағдарламасы
арқылы жүзеге асады. Болашақта осындай тілдің корпусы негізінде жасалған бағдарламалар
арқылы жасанды интеллект жасауда немесе тілдерді тереңірек зерттеуге таптырмас теориялар
мен әдістері бар жаңашыл бағыт деуге негіз бар.








