Фразеологизмдердегі жануар түр-түс атауларының тілдік ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph22

Аңдатпа

Туыс емес тілдерді, атап айтқанда қазақ және ағылшын тілдерін салғастыра зерттеу –
отандық тіл білімінде кейінгі жылдары қолға алынып келе жатқан салалардың бірі екені белгілі.
Тіл қазынасындағы ұлттардың тұрмыс-тіршілігі мен өмір тәжірибелерінен хабар беретін,
шаруашылық әрекетін танытатын, тілімізде кездесетін зооморфизмдер мен зоокомпоненті бар
фразеологизмдерді тілдік әлем бейнесінде қарастыру маңызды мәселе болмақ. Қазақ және
ағылшын тілдерінде кездесетін жануар түр-түс атаулары бар фразеологиялық тіркестерді,
олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастыра отырып, әр ұлттың танымы мен
құндылықтарын айқындау қашанда ерекше. Зерттеуімізде қазақ және ағылшын тілдеріндегі
фразеологизмдердің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айқындаудың өзіндік
маңыздылығы айқын деп білеміз. Жалпы зерттеуімізде қарастырып отырған негізгі мәселенің өзі,
кез келген тілдің өзіндік ұқсастықтарымен қатар, өзіндік ерекшеліктерінің болуы, әр халықтың
танымы, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарымен тікелей байланыстылығында.
Соның ұшқыны тілде анық көрінетіні де белгілі. Айтпағымыз бір тілдегі кейбір тілдік элементтер,
әсіресе, біз қарастырып отырған түр-түстің екінші тілде, яғни ағылшын тіліндегі баламасын беруде
қиындықтар туындатуы әбден мүмкіндігінде. Сондай-ақ, бұл әр тілдің өзіне тән ерекшеліктері
мен қасиеттері екендігін дәлелдейді және оны ұмытпау тиіс.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-09

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі