Жылқы концептісінің мәдени-семантикалық сипаты

Авторлар

  • Alymbaeva Z.A . Киргизский национальный университет им. Ж. Баласагына, Киргизия, г. Бишкек http://orcid.org/0000-0002-6380-6496
  • T.B. Ramazanov Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-4405-5914
  • S.N. Sagatbek Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-5666-9788

DOI:

10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph24

Аңдатпа

Бүгінгі таңда ғалымдар жылқыны алғаш қолға үйрету қазақ даласында басталғанын толықтай
мақұлдады. Бұған нақты дәлелдер де бар. Ал жылқыны қолға үйрету мәдени дамудың сатысын
жоғарылатты. Халқымыз мінсең көлік, ішсең қымыз, жесең қазы болатын жануардың қабағын
бағып, күйін келтіруге де аса мән берген. Ол үшін жылқының ауруларын жіті танып, емдік
әрекеттерді медицина дамымай тұрған ерте заманнан-ақ білген. Қазақты «ат үстінде туып, ат
үстінде ғұмыр кешкен» халық дейміз. Мұның себебі де жоқ емес. Атқа мініп көшіп-қонудан жүйрік
баптап, қымыз ішіп, қарта жеуге дейінгі әрекеттердің бәрі де қазақтың өлең-жырларында, мақал-
мәтелдерінде, афоризмдері мен фразеологизмдерінде де көрініс тауып, қазақ тілінің сөздік
қорының молаюына қызмет етті. Қалалық мәдениет дамыса да, ат үстінде күнелткен көшпелі
мәдениеттен алшақтап, мал бағу жеке адамдардың ғана кәсібіне айналса да, жылқы жануарына
қатысты құрылған сөздер қолданыстан шығып қалмақ емес. Бұл мақалада қазақ халқының жылқы
түлігін қолға үйретуінен бастап, жылқы арқылы мәдениеттің биік шыңдарына көтерілгендігін
ашуға тырыстық. Әсіресе жылқы түлігіне қатысты сөздердің ұлттың тіліне әсер еткендігі, ұлттық
кодымыз да жылқымен байланысты екендігін көрсеттік.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-09

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары