Абайдың көркемдік әлемі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph1Аңдатпа
Абай шығармашылығын ақынның көркемдік әлемі тұрғысынан зерттеу – абайтанудың,
сондай-ақ пәнаралық зерттеудің қазіргі таңдағы аса іргелі ғылыми мәселелерінің бірі. Оны
ақын шығармашылығына негіз болған шындық құбылыстармен, ақынның көркемдік ойлау
психологиясымен сабақтас пайымдаудың үлкен әлеуметтік маңызы бар. Мақалада Абайдың
көркемдік әлемі қарастырылды, Абайдың көркемдік әлемінің ғылыми сипаттамасы жасалады.
Абайдың көркемдік әлемі – әдеби шығармашылық әлем. Ақынның әдеби шығармашылық әлемі
болмыстағы шындық құбылыстарға негізделеді. Шығармашылық тұлға болмыстағы шындық
құбылыстардан өнер туындысын жасайды. Өнер туындысы болмыстағы шындық құбылыстың
өзі де емес, көшірмесі де емес. Өнер туындысы – болмыстағы шындық құбылыстар негізінде
шығармашылық тұлғаның ақыл-ой қызметінен туған көркемдік құбылыс. Ол – болмыста
жоқ, бірақ болуы ықтимал көркемдік әлем. Ақын шығармашылығының көркемдік әлемінің
семантикасын, оған негіз болған шынайы әлем шындығын, олардың арасындағы байланыстар
сипатын, мағына деңгейлерін пайымдау биік ғылыми тұрғыны талап етеді.
Абайдың көркемдік әлемінің семантикалық кеңістігінде көрініс тапқан құбылыстардың
мағынасы терең. Ақынның көркемдік бейнелеу құралдарының семантикалық көп мағыналылығы,
когнитивтік-семиологиялық байлығы оның көркемдік әлемін поэтикалық даналық әлемі ретінде
сипаттайды.
