Шыңғыс Айтматовтың дебюттік «Бетбе бет» шығармасындағы колониалдық дискурс

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph2

Аңдатпа

Мақалада Шыңғыс Айтматовтың «Бетпе-бет» дебюттік шығармасы семантикалық қабаттар тұрғысынан қарастырылады. Алдыңғы планда сюжеттің басты кейіпкері Сейденің тағдыры. Енді ғана тұрмыс құрған жас әйел соғыстың барлық сынақтары мен қиыншылықтарына шыдайды: күйеуі Исмаил соғысқа кетеді, көп ұзамай перзенті дүниеге келеді, аштық пен ашқұрсақтыққа қарамай қиын жұмыста жүрген Сейде қарт енесіне де қамқор болады. Оның үстіне, тағдыр келіншекке тағы бір сынақ, соғыстан қашып кеткен күйеуі үшін жауапкершілікті жүктейді. Шынғыс Айтматовтың Сейдеге арналған сюжеттік желісі социалистік реализмнің заңдарына сәйкес құрылған, күйеуін жасырып жүрген әйел белгілі бір уақытта «түзелу» жолына түсіп оны билікке тапсырады, қолға түсіруге де көмектеседі. Шығарманың шарықтау шегі өмір шындығын социалистік пафос арқылы бейнелеп, М. Горькийдің «Ана» романына аллюзия ретінде қабылданылады. Бексаат кемпірдің тағдыры шығарманың екінші планында бейнеленген, дәл осы сюжет желісінде қатал отарлық жүйенің мәнін ашатын тағы бір семантикалық қабат жатыр. Шығарманың атауы да сонымен қатар Бексаат пен оның баласының отбасылық драмасына қатысты. Шыңғыс Айтматов шығармасында ең жақын адамдарды айырып жанжалға салатын Советтер идеологиясының астары мен салдарын, оларды бетпе бет қағыстыратын саясатын, дәуірдің жеке және ұжымдық травмаларын әшкерелейді. Жазушының жеке трагедиясы да шығарманың фоны болып табылады: әкесіздік, халық жауының ұлы атағы, төрт баланы жалғыз өсірген анасының тағдыры, соғыстың ауыр жылдары. Мақалада Шыңғыс Айтматовтың шығармасы отаршылдық дискурс тұрғысынан қарастырылады, шығарманың семантикалық қабаттары әдеби психоанализ, интертекстуальность және жалпы ғылыми пәнаралық тұрғыдан талданады. Мақалада жазушының қырғыз мәдениетінің нышандары мен метафораларын қолдана отырып, өз шығармашылық түпкі ойын қалай жүзеге асырғаны, онымен қоса ұрпақ үшін мұрагерліктің маңыздылығы көрсетілген. Жазушының Құран және Інжілдегі Исмаил арқылы берілген аллюзиясы семантикалық қабаттарының ашылуына маңызды болып табылады. Сонымен қатар, зерттеудің мақсаты – жазушының мәтініндегі тақырыпты жүзеге асыратын поэтиканың семантикасы мен функцияларын анықтау.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-21

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану