Курт Воннегут шығармашылығына әдеби талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph6

Аңдатпа

К. Воннегут шығармашылығын зерттеу америкалық әдебиетте ғана маңызды емес, сонымен
қатар XX ғасыр әлемдік шығармаларының көркемдік процестеріне ықпалы тиді. К. Воннегут қара
әзіл мен ғылыми фантастика, сатира шебері және комедиограф болған. Жазушы өз прозаларында
постмодернистік бағыттың техникаларын шебер қолданып, қоғам шындығын, соғыс салдары
мен адам тағдырын сипаттаған. Курт Воннегут көптеген шығармаларының алғашқы беттерінде
метабаяндауды қолданған. Метабаяндау (metafiction) – шығарманың ішкі әлемі мен әлем
әдебиетінің арасындағы байланысты көрсететін оқиғаның қысқаша сипаттамасы. Жазушы өмір
шындығының ұсақ түйектерін өзіне тән ерекшелігімен сипаттап, өз прозаларында фрагменттілік
құбылысын танытатын. Сонымен қатар автор өмірдің жалғандығы мен ақымақтығын сипаттауда
иронияға жүгініп отырады. К. Воннегут оқиғаларын қара әзіл, жеңіл күлкімен жеткізеді және
әдебиеттің осы жанрға мұқтаждығын ескерте кетеді. Мысалы, зерттеушілер «Бойня №5»
шығармасын талдай келе автор ұсынған қара әзілдерінің арқасында ХХ ғасырда аты танылған
авторлармен тең тұр деген пікір келтіреді. Өлімді қара әзілмен жеткізу барысында автор
оқырмана өмірдің мәнсіз жалғандық қалпын көрсетеді. Шығарма соңында Курт Воннегут секілді
оқырманы да соғысты жек көріп кетеді. Жазушы америкалық өмірдің төменгі қабатын жақсы
тани алғандықтан, қоғамның моральдық кейпін көркем бояу мен типтеу, символдау арқылы
толық аша алған. Қара әзілімен қоса Курт Воннегут фантастика, гротеск және сарказм сияқты
әдеби құралдарды пайдаланған. Терең талдау барысында жазушы өз романдары, мақалаларында
эпитеттер, салыстырулар мен метафораларды көптеп қолданғандығын байқадық. Одан бөлек
Воннегут прозасы автобиографиялық сипатқа ие. Қандай оқиғаны баяндамаса да, өз жеке
өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, шығарма мазмұнын қызықты ету үшін күлкілі немесе трагедиялық
сипаттағы мысалдарын келтіріп отырады. Және де Воннегуттың кей романдарында алғы сөз
беріліп отырса, кей шығармаларында мүлдем ұшыраспайды. Автобиографиялық алғы сөзді автор
кітаптарында тек өзіне қатысты мәселелер сөз болған жағдайда ғана беріп отырды. Ал жаһандық
мәселелер қозғалған шығармаларында алғы сөз кездеспейді. Себебі ол мәселелер оқырманға
түсініктеме жазбай-ақ белгілі.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-21

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану