Сары Ашуг шығармашылығының поэтикалық ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph8

Аңдатпа

Сары Ашуг – әзірбайжан ашуг поэзиясының ең жарқын өкілдерінің бірі, бірақ ақынның өмірі
мен шығармашылығы фольклористиканың әлі де толық зерттелмеген салаларының қатарынан.
Басты себеп – сөз шеберінің жеке басы, өмірі мен шығармашылығы туралы тарихи деректер
мен ақпараттардың жоқтығы, ал екінші себеп – өте танымал халық баяттарына байланысты
Сары Ашугтың теңдессіз шеберлігін танытатын баяттарының көлеңкеде қалып қоюы. Сары Ашуг
тұлғасының аңызға, ал өмірінің фольклорға айналуы – бұл мәселенің тағы бір себебі.
Қай жерде дүниеге есігін ашып, қайдан келгеніне қарамастан ақын өмірі және поэзиялық
мұрасының жиналуы мен зерттелу тарихы туралы барлық көзқарастар мен пікірлерді талдай
отырып, Сары Ашугтың өзінің атмосферасымен және баяттарының поэтикалық мазмұнымен, өзі
туылған Зангезур ортасымен әзірбайжанның әдеби санасында ерекше құбылыс болғандығын
атап өту маңызды. Бұны қалалардың және ауылдардың, таулар мен өзендердің атауларындағы
поэтикалық көріністерден бастап ашуг шеберлерінің шығармашылығында жиі қолданылатын
ұлттық этникалық дәстүрлерден оңай аңғаруға болады. Тарихы және баянау ерекшеліктерімен
қатар, «Ашуг және Яхши» дастанының әдеби негізін қалауы ақынның әдебиеттегі артықшылығы
ретінде саналады. Өзінің эпостық сипатымен «Ашуг және Яхши» әзірбайжан ашуг әдебиеті
шеберлерінің есіміне байланысты романдық-махаббат дастандарының қорын байытушы ашуг
өнерінің үлгісі болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-21

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану