Ноғайлы дәуірі эпостық шығармаларының лексикалық сипаты

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph9

Аңдатпа

Мақалада Еуразия кеңістігінде көшпелі қоғамның саяси-құқықтық дамуында іргелі із
қалдырған Ноғайлы дәуірінің тарихи дастандар мен батырлар жырының лингвопоэтикалық және
лексика-семантикалық ерекшеліктері қарастырылады.
Алтын Орданың ыдырауы мен Ақ Орданың әлсіреуінен Қазақстан территориясында пайда
болған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі Ноғай Ордасы болды.
Ноғай Ордасының он сан ноғайлы ру-тайпалары қазақ құрамына келгенде сол дәуірдің мол
әдеби мұрасын бірге әкелді. Ноғайлы дәуірінің жырға толы құнарлы бай лексикалық құрамы
қазақтың ауызша әдеби тіл нормасын дамытты, жетілдірді. Сонымен қатар біртектес түркі
тілдерінде қыпшақ тобында сөйлейтін қазақ, ноғай, башқұрт ру-тайпаларының осы ноғайлы
дәуіріндегі эпостық шығармалары осы тілдердің лексикалық қоры мен құрамында үлкен із
қалдырды.
Ноғайлы дәуірінің жыр толғауларының лексика-семантикалық ерекшелігі философиялық
терең ой мен дидактикалық мазмұнға, сан алуан экспрессия мен эмоцияға, өсиет-нақыл сөздер
мен афоризмдерге, соны тіркестер мен синтаксистік параллелизмдерге аса бай.
Ноғайлы дәуіріндегі эпостық жырлар мен тарихи дастандардың, толғаулардың тіліндегі
бай лексикалық құрамды жер-су атаулары, кісі есім атаулары, ру-тайпа атаулары, жауынгерлік
лексика, жан-жануар және мал атаулары, қоғамдық-саяси лексика, діни лексика мен дерексіз
сөздер, тұрмыстық лексика сияқты тақырыптық топтар құрайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-21

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану