Өмірге ғажайып келу туралы фольклорлық мотивті зерттеу тарихы

Авторлар

  • Kh. Mammadova , Институт фольклора Национальной Академии наук Азербайджана, Азербайджан, г. Баку http://orcid.org/0000-0002-8397-7372

DOI:

10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph10

Аңдатпа

Мақалада өмірге ғажайып жолмен келудің фольклорлық мотивінің зерттелу тарихы
қарастырылған. Автор өз мақаласында, фольклоршылар мен ауызша сөз өнерінің зерттеушілері
өз туындыларында ғажайып өмірге келудің уәжділігіне назар аударғаны айтылады. Ғажайып
жолмен өмірге келу мотивінің тарихи тамыры ертедегі адамның алғашқы көзқарастарына барып
тіреледі. Ғажайып туылу туралы көзқарастар екіге бөлінеді – ғажайып жолмен құрсаққа бала
бітуі және ғажайып дүниеге келу. Батырдың ғажайып туылу мотиві, сондай-ақ ғажайып және
пәк жолмен бойға бала бітуі эпикалық дәстүрдегі кейіпкердің шығу тегі туралы мотивтік жүйеге
енеді. Ғажайып өмірге келу өз кезегінде, эпикалық кейіпкерлердің белгілі бір ерекшеліктерін ашуға қызмет ететін сюжеттік-мотивтік бірліктерден тұрады. Бұл мотивтерде осы немесе басқа халықтың мифологиялық көріністері басым болады. Әзірбайжан фольклорында бұл сюжет ең көп
таралған болып саналады, өйткені көптеген ертегілер мен эпостарда сюжеттік-мотивтік элементтер бар. Ғажайып жолмен бойға бала біту мен ғажайып дүниеге келуге қатысты мотивтер мына
элементтерден тұрады: өсімдіктерден, ағаштан (алма, арпа), қамырдан, балшықтан, тотемнен және
т.б. Барлық уақытта бұл проблема халық ауыз әдебиеті ғалымдарының назарында болды.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-21

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану