ХІХ-ХХ ғасырлардағы Ақтөбе өңіріндегі айтыстарындағы ұлттық идея
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph11Аңдатпа
Мақалада Ақтөбе аймағындағы айтыс өнерінің жанданған тұсы саналған ХІХ-ХХ ғасырлардағы ақындар айтысы туралы айтылады. Осы бағыттағы отандық ғалымдардың пікірлері мен
зерттеулері сараланған. Әр жылдары баспасөзде жарық көрген кейбір өңір айтыскерлерінің
айтыс мәтіндері тұңғыш рет әдеби жанр тұрғысынан зерттеледі. Айтыстың жанрлық түрлері
анықталып, аймақ айтыс ақындарының айтыстарындағы ұлттық рух, ұлттық идея, ел, жер мәселесі
талданады. Нақтыласақ, автор елге танымал Әбубәкір Кердері, Сарышолақ Боранбайұлы,
Құрманәлі Дәуітұлы секілді аймақ ақындарының айтыстарындағы ұлттық рух пен идеяны
саралай отырып, аталған өнердің ерекшеліктерін анықтайды. Айтыс өнерінің негізгі танымдық
мақсаты – ең алдымен толық рухани жағынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу
дәстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен дамыту. Соның ішінде өзіндік сөз өрнегі
қалыптасқан – Ақтөбе өңірі айтыскер ақындарының өлшеусіз еңбегі бай әдеби мұрамыздың
ауызекі қасиетін де, жазбаша қасиетін де дамытып, жанрлық дамуы жан-жақты талданады.
Қазіргідей жаһандану заманында болашақ ұрпақ бойына ұлттық идеяны сіңірудің бірденбір жолы ұлттық құндылықтар екенін көрсетеді. Қазақтың спецификалық әрі синкретті өнері
саналатын айтыстың ұлттық идеологияны жаңғыртудағы рөлін көрсетуге көмектеседі. Аймақ
ақындарының шығармаларындағы ұлттық құндылықтар дәріптелген айтыс мәтіндері арнайы
алынып, жан-жақты талданып, оның ұрпақ тәрбиесіндегі, ұлт болашағындағы маңыздылығы
аталып өтілген. Қазіргі қоғамдағы айтыс өнерінің маңыздылығы сөз етіледі.
