Терминологияның калькалау жолымен ену мәселесіне қатысты әр түрлі көзқарастар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph17

Аңдатпа

Мақалада нақты фактілер мен мысалдар негізінде калька әдісімен терминдерді алу мәселесі қарастырылады. Калькалаудың әр түрлі теориялық аспектілері және оның аудармаға қатысы талданады. Сондай-ақ аударманың әр түрлі тәсілдері (сипаттамалы-түсіндірмелі аударма) бар екені атала келе солардың ішінде калькалау арқылы жасалған терминдердің қатары көп екені анықталды. Мақалада сонымен қатар калькалардың сөздердің енуі процесіндегі орнына қатысты әр түрлі ғылыми тұжырымдамалар мен көзқарастарға сыни шолу жасалады және әзірбайжан тіл біліміндегі аталған мәселе бойынша пікір алшақтығы атап өтіледі. Автор әр түрлі зерттеушілер ұсынған калькалардың топтары және классификацияларын кеңірек қарастыра келе өз пікірін білдіреді және оны ғылыми тұрғыдан негіздейді. Атап айтқанда, калькалаудың теориялық аспектілерін талдау лингвистикадағы, соның ішінде аударма теориясындағы осы құбылысты бағалаудың толық талдауын жасауды қажет етеді. Калькалаудың сөздердің ену үдерісіне қатынасы – әзірбайжан тіл білімінде әлі де ғылыми шешім таппаған өте күрделі мәселе

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-11

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі