Түркі зоофразеологизмдерінің лингвомәдени семантикасы

Авторлар

  • А. Раева Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Казахстан, г. Астана https://orcid.org/0000-0001-7445-8979
  • С. Екер Университет Башкент, Турция, г. Анкара https://orcid.org/0000-0002-3109-7218

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v195.i3.ph09

Аңдатпа

Мақала түркі зоофразеологизмдерінің лингвомәдени семантикасын талдауға арналған. Түркі халықтарының дүние бейнесін қабылдаудың ұлттық-мәдени ерекшелігі жануарлар дүниесімен байланысты тұрақты сөз тіркестерінен көрінеді. Мақалада туыс тілдер бойынша ат лексемасымен қалыптасқан фразеологизмдер зерттеу нысанына алынды. Түркітануда зоофразеологизмдер жан-жақты қарастырылса да, туыс тілдер арасында зоофразеологизмдерді тіл мен мәдениет сабақтастығы тұрғысынан салыстыра зерттеуді маңызды деп есептейміз. Себебі бүгінгі күні түркі тілдерінің тілдік-мәдени деректері бойынша зоонимдік лексика (фразеологизмдер, мақал мәтелдер т.б.) зерттеушілердің назарын аударуда. Мақала мазмұнында жылқы түркі әлемінің ажырамас бір бөлігі, түркілік дүниетанымның басты белгісі ретінде сипатталады. Зерттеудің мақсаты - зоофразеологизмдердің семантикалық құрылымын лингвомәдени тұрғыдан талдау. Зерттеу барысында туыс тілдердегі зоофразеологизмдерді қарастыру, ішінара талдау  арқылы түркі дүние бейнесінің мәдени ерекшеліктері, ортақ тұстары танылып, сипатталады. Зерттеу нәтижесінде қол жеткізген тұжырымдар түркі дүние бейнесінің зоонимдік кодын анықтауға ықпал етеді. Сондықтан жануарлар атауының тіркесуімен жасалған фразеологизмдердің лингвомәдени семантикасы мен мотивациялық негізін зерттеу  түркі тілдерінің лексикалық қоры үшін маңызды деп санаймыз.

Түйін сөздер:  лингвомәдениеттану, түркітану, түркі тілдері, зоофразеологизм, лингвомәдени семантика

Автор өмірбаяндары

  • А. Раева, Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Казахстан, г. Астана

    Раева Асемгуль (корреспондент автор) – PhD докторант, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, email: asemgul.raeva@gmail.com);

  • С. Екер, Университет Башкент, Турция, г. Анкара

    Екер Сүйер профессор, доктор, Башкент университеті (Анкара қ., Түркие, email: suereker@yahoo.com).

Жарияланды

2024-09-24

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі