Танзимат пен жәдитшілдіктің Алаш ағартушылығына әсері (әдеби аспект)

Авторлар

  • A. Osken Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан https://orcid.org/0000-0001-7291-9858
  • D. Qamzabekuly Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан https://orcid.org/0000-0001-5622-3834

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph11

Аңдатпа

Бұл мақалада ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Османдық Түркиядағы  «танзиматшылар» қозғалысынан бастау алған күллі Ресей мұсылмандары – Түркі әлемінің «Ояну дәуірі» баяндалады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Түркия танзиматшыларының «жаңару реформасы» –  Ресей мұсылмандары арасында Қырым татар оқымыстысы, саясаткер, журналист, И.Гаспринский бастауымен «жәдит» қозғалысына ұласты.

ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы И.Гаспринскийдің «жәдит» әдісінен бастау алған қазақ халқының «ояну дәуірі» – «ұлт-азаттық Алаш» қозғалысына жалғасты. Бұл қозғалысқа Алаш зиялылары өздерінің көсемі санаған саясаткер, журналист, аудармашы, жан-жақты энциклопедист ғалым Ә.Бөкейхан жетекшілік жасады.

Ә.Бөкейхан бастаған Алаш зиялылары ағартушылықты дамытуда  жетекші рөлге – халықты жаппай сауаттандыра отырып, ғылымға матералистік көзқараспен қарауды ұстанды. Соның нәтижесінде Алаш оқымыстылары  көптеген ғылыми оқулықтар жазып, қазақ халқының мәдениетінің өркендеуі мен оқу-ағарту саласының жетіліп-өсуіне үлкен үлес қосты.  

Түйін сөздер: Түркі әлемі, Танзимат дәуірі, татар оқымыстысы, жәдидизм, Алаш қозғалысы.

 

Автор өмірбаяндары

  • A. Osken, Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан

    Оскен Асем Максаткызы - докторант, Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (Астана, Казахстан, email: asem_a7_95@mail.ru)

  • D. Qamzabekuly, Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан

    Камзабек Дихан - профессор, академик НАН РК, Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (Астана, Казахстан, email: dikhan.kamzabek@mail.ru)

Жарияланды

2024-03-19