Шет тілдердің байланысы қызмет процесіндегі тілдік-цифрлік құзіреттілікті қалыптастырудың инновациялық шешімдері

Авторлар

  • Ж. Оспанова Astana IT University, Казахстан, г. Астана https://orcid.org/0000-0002-4369-5557
  • О. Ким Таразский университет им.М.Х.Дулати, Казахстан, г. Тараз https://orcid.org/0000-0003-3679-4036
  • Г. Букембаева Карагандинский университет имени академика Е.А. Букетова, Казахстан, г. Караганда https://orcid.org/0009-0009-8544-2273

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v195.i3.ph018

Аңдатпа

Бұл мақалада цифрландыру жағдайында тіл мамандықтары студенттерінің лингвистикалық
және цифрлық құзыреттілігін дамыту мақсатында шет тілін оқытудың трансформация үдерістері қарастырылады. Авторлар әртүрлі тілдерде web 0.1-ден web 0.4-ке дейінгі заманауи цифрлық
технологияларды пайдалана отырып, көптілді оқыту моделі аясында студенттер – болашақ шет
тілі мұғалімдері арасында бұл құзыретті дамыту қажеттілігін негіздейді.
Зерттеудің мақсаты – цифрлық сауаттылық пен кәсіби бағдарланған оқыту жағдайында тіл
мамандықтары студенттерінің лингвистикалық және цифрлық құзыреттілігін дамыту жолдарын
зерттеу. Зерттеу объектісі цифрландыру жағдайында шет тілді білім беру әдістемесі болып табылады; зерттеу пәні ретінде шет тілдік коммуникативтік қызметті игеру үдерісінде қалыптасатын студенттердің лингво-цифрлық құзыреттілігі қарастырылады. Мақалада зерттеу тақырыбы
аясындағы ғылыми әдебиеттерге шолу нәтижелері берілген және шет тілін оқыту үдерісінде
лингвистикалық және цифрлық құзыреттілікті дамыту әдістемесінің тиімділігі дәлелденген. Ұсынылған құралдарға әлеуметтік желілерді, мультимедиялық оқу платформалары мен қосымшаларын, шет тілдерін үйренуге деген ынтасын арттыруға көмектесетін аудио және бейне ресурстарды пайдалану кіреді. Бұл цифрлық ресурстар «6В01704 – Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы
бойынша бакалавриат білім беру бағдарламасы аясында сынақтан сәтті өтті. Ұсынылған ресурстар, авторлардың пікірінше, жаңа жаһандық цифрлық шындық жағдайында шет тілін оқыту
үдерісінде студенттердің лингвистикалық және цифрлық құзыреттілігін дамытудың ең тиімді
құралдарының бірі болып табылады.
Түйін сөздер: лингводидактика, шет тілі құзыреттілігі, лингвоцифрлық құзыреттілік, шет тілінің коммуникативтік қызметі, білім беруді жаңғырту, цифрлық технологиялар.

Автор өмірбаяндары

  • Ж. Оспанова, Astana IT University, Казахстан, г. Астана

    Оспанова Жанна Толюбаевна (корреспондент автор) – философия докторы (PhD), профессордың ассистенті, Astana IT University (Астана қ., Қазақстан, e-mail: zhanna19@list.ru);

  • О. Ким, Таразский университет им.М.Х.Дулати, Казахстан, г. Тараз

    Ким Ольга Васильевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің қауымдастырылған профессоры (Тараз қ., Қазақстан, e-mail: olga_kim@bk.ru);

  • Г. Букембаева, Карагандинский университет имени академика Е.А. Букетова, Казахстан, г. Караганда

    Букембаева Гулсана Ерболкызы – гуманитарлық ғылымдар магистрі, академик Е. А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің КЕАҚ аға оқытушысы (Қарағанды қ., Қазақстан, e-mail: bukembayeva96@gmail.com).

     

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі