Т.Қ. Жүргенов «Меруерт» әңгімесінің уақыт пе кеңістік құрылымы

Авторлар

  • А. Темірболат Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0000-0002-7888-8957
  • Б. Иманғалиев Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0009-0005-6273-8304

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v195.i3.ph015

Аңдатпа

Мақала көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Жүргенов Темірбек Қараұлының «Меруерт» әңгімесін талдауға арналған. Авторлар осы шығарманың кеңістіктік-уақыттық құрылысының ерекшеліктерін қарастырады. Мақалада әңгімені жан-жақты талдау негізінде Т.К. Жүргенов дүниетанымының ерекшеліктері және болмыс пен тұлға туралы тұжырымдамасы анықталады. Тақырыбының өзектілігі бұл шығарманың бұрын арнайы зерттеу нысанына айналмағандығына байланысты. Сонымен қатар, «Меруерт» әңгімесі «Переводчиктің қиялы» өлеңімен бірге Т.К. Жүргеновтың әдеби мұрасын құрайды және оның тұлғасы мен талантының жан-жақтылығын танытады. Бұл зерттеудің мақсаты – шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұны, сюжеті, құрылысы деңгейінде хронотоп категориясын талдау негізінде Темірбек Қараұлының көркемдік шеберлігін, оның әлемге көзқарасын, көтерген мәселелердің мәніне ене білу қабілетін ашу. Мақалада әңгіменің кеңістіктік-уақыттық континуумы көпөлшемділікпен сипатталатыны көрсетілген. Шығарманың оқиғалары бірнеше өлшемдерде өрбиді. Хронотоп категориясы арқылы автор қазақ қызының тағдырын, оның ХХ ғасырдың басындағы қоғамдағы орны мен рөлін түсіндіреді. Басты кейіпкердің бейнесі мысалында Т.Қ. Жүргенов мәңгілік және жалпыадамзаттық мәселелерді, тарихи дәуірдің ерекшеліктерін қарастырады. Шығарма терең драмаға толы. Т.Қ. Жүргенов өзі бейнелеген дәуірдің қайшылықтарын ашады. Әңгімеде кейіпкерлердің ішкі әлеміне, олардың жаны мен санасының кеңістігіне көп назар аударылады. Т.Қ. Жүргенов болып жатқан құбылыстарға олардың көзқарасын ашады. Зерттеу нәтижелерін Т.Қ. Жүргенов мұрасын талдау мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін оқыту барысында қолдану жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығын білдіреді.

Түйін сөздер: шығарма, әңгіме, автор, хронотоп, кейіпкер, мәселе, бейне.

Автор өмірбаяндары

  • А. Темірболат, Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

    Темірболат Алуа Берікбайқызы (корреспондент автор) – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: aluatem2015@gmail.com);

  • Б. Иманғалиев, Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

    Иманғалиев Бауыржан Сабитович – филология ғылымдарының кандидаты, доцент м. а. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: baur.iman@mail.ru)

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары