Діни терминдік ұғымдар – ислами және дәстүрлі қазақы дүниетанымның тілдегі көрінісі

Авторлар

  • Қ. Ғабитханұлы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0003-4434-2291
  • М. Сабыр Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Қазақстан, Орал қ. https://orcid.org/0000-0001-7281-4167

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202519934

Аңдатпа

Мақалада ислам дінінің қазақ даласына енуі (VIII-XIII ғғ.) және оның түркілік дүниетаныммен (тәңіршілдік, анимизм, тотемизм) тарихи-мәдени тұрғыда қабаттаса ұштасуы тілдік деректер – фразеологиялық бірліктер арқылы сипатталды. Атап айтқанда, «Алла», «Құдай», «иман», «обал», «сауап», «тәубе», «о дүние», «ұжмақ», «тозақ», «періште» діни терминдік ұғымдарының мұсылмандық және дәстүрлі қазақы дүниетанымға байланысты ерекшеліктері салғастырылып талданып, олардың тілімізде қолданылатын жүздеген фразеологиялық тіркестердің жасалуына негіз болатыны дәлелденді.

Зерттеу нәтижесінде аталған діни терминдік бірліктердің қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер өрісін кеңейтіп, теонимдер мен исламдық ұғымдардың тіліміздің фразеологиялық жүйесін этикалық нормалармен, тыйым-ырымдармен және құндылықтық қағидаттармен сабақтастырғаны анықталды және олар исламдық қағидалар мен дәстүрлі қазақы дүниетанымның синкреттелген тілдік көрінісі ретінде қарастырылды. Сондай-ақ зерттеу барысында төрт өзек (теонимдер, этикалық-құндылықтық ұғымдар, эсхатологиялық атаулар, сакралды персонаждар) айқындалып, олардың фраземалардың мағыналық-концептуалдық жүйеленуіндегі рөлі көрсетілді.

Зерттеудің ғылыми-теориялық мәні «исламдық мазмұн + дәстүрлі түсінік» үлгісіндегі когнитивті-семантикалық тоғысты дәлелдеуімен, ал практикалық маңызы фразеологиялық материалды тақырыптық-категориялық тұрғыда жүйелеп, оқулықтар мен сөздіктерге енгізуге болатындығымен дәйектеледі.

Зерттеу материалы ретінде фразеологиялық сөздіктер, мақал-мәтелдер, салт-дәстүрге қатысты еңбектер мен ашық дереккөздер пайдаланылып, құрылымдық-лингвистикалық, тарихи-этимологиялық, салғастырмалы-типологиялық; лингвомәдени, когнитивтік талдау әдістері қолданылды және іргелі ғылыми-теориялық концепциялар басшылыққа алынды.

Түйін сөздер: діни терминдік бірліктер, ислам, тәңіршілік, қазақ дүниетанымы, фразеологиялық жүйе.

Автор өмірбаяндары

  • Қ. Ғабитханұлы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

    Ғабитханұлы Қайрат – филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: kayrat.g@mail.ru).

  • М. Сабыр, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Қазақстан, Орал қ.

    Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы филология ғылымдарының докторы, профессор, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Қазақстан, Орал қ., e-mail: sabir_uralsk@mail.ru);

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары