Қазақстан жастарының тілдік репертуары

Авторлар

  • А. Досанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-8302-3982
  • А. Жанибекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0005-5498-8346
  • А. Бурангалиева Халықаралық білім беру корпорациясы, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0003-0544-6458
  • Д. Жолмырзаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0006-4650-541X

DOI:

10.26577/EJPh202519825

Аңдатпа

Мақала Қазақстан жастарының тілдік репертуарын зерттеуге арналған. Көптілді мемлекетте туып, білім алып жатқан жастардың тілдік репертуарын қарастыру зерттеу жұмысының мақсатын құрайды. Жастардың тілдік репертуары басқа әлеуметтік топтардың тілдік ресурстарына қарағанда спецификалық ерекшеліктерге толы. Олардың тілдік репертуарының қалыптасып дамуында мемлекеттік деңгейдегі тілдік мәселелер маңызды рөл атқарады. Сондықтан зерттеу жұмысында еліміздің тілдік саясаты мен тілдік жағдаятына шолу жасалады. Зерттеу барсында байқау әдісінің көмегімен жастардың тілдік ресурстарының алуантүрлілігі олардың сөйлеуінде тілдердің жиі араластырылып қолданылуына әкеледі деген болжам жасалды. Сауалнама әдісінің көмегімен жастардың ана тілін және шет тілдерін меңгеруі туралы деректер жиналды. Жастардың тілдерді араластырып сөйлеу, кірме сөздер мен сленгтерді қолдануға деген көзқарастары талданды. Зерттеу материалдары қазақстандық жастардың үш және одан көп тілдерді меңгергендігі және сол тілдерді жарыспалы сипатта пайдаланудан туындайтын лингвистикалық феномендер туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері тілдік қатынастар теориясын, қостілділік, көптілік мәселелерін зерттеуде және шеттілдік білім беру мен білім алушылардың тілдік репертуарының байланысын зерделеуде қажет. Мақалада жастар тіліндегі креолизация, код ауыстыру, гибридті сөзқолданыс құбылыстары нақты мысалдармен сипатталады. Осы арқылы зерттеу қазіргі жастар тілі мен қоғам арасындағы күрделі тілдік өзара әрекеттестікті ашып көрсетуге бағытталған.

Түйін сөздер: тілдік репертуар, лингвистикалық репертуар, жастар тілі, тілдік алуантүрлілік.

Автор өмірбаяндары

  • А. Досанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Досанова Альбина МаратхановнаPhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқыту-шысы (Алматы қ., Қазақстан, *e-mail: adossanova@gmail.com);

  • А. Жанибекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Жанибекова Алтынай Бурангалиевна (корреспондент автор) – Phd докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: zhanibekova.altynai@gmail.com);

  • А. Бурангалиева, Халықаралық білім беру корпорациясы, Қазақстан, Алматы қ.

    Бурангалиева Асель – оқытушы, Халықаралық білім беру корпорациясы (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: burangalieva.aselya@gmail.com);

  • Д. Жолмырзаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Жолмырзаева Дана – Phd докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: zholmyrzayeva@mail.ru).

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-23

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары