Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы субалтерндік

Авторлар

  • Р. Болат Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0007-1316-7634
  • З. Бисенғали Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1503-2737
  • Г. Токшылыкова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0001-8933-3327

DOI:

10.26577/EJPh2025199316

Аңдатпа

Зерттеу жазушы Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы постколониялдық сарын, соның ішінде субалтерндік мәселесін жан-жақты қарастыруды мақсат еткендіктен, орталық-периферия қатынасы негізгі бағыт етіп алынды. Егемендіктің нәтижесінде шығармада авторлық позиция тұрғысынан берілген отарлық империяның жергілікті халыққа деген қатынасы, субалтерндігі нақты мысалдар арқылы ашық талданады. Ғылыми зерттеудің басты идеясы –  жазушының субалтернді субьект деңгейіне көтерген зияткерлік парызы болғанын айқындау. Жұмыстың ғылыми маңызы ретінде постколониализм ұғымын құрайтын субалтерндік, орталық-периферия қатынасы, ориентализм, еуроцентризм сынды өзекті мәселелердің жүйелі түрде зерттеу нысанына алынуы болса; экологиялық сана мәселесінің адам тағдырымен байланыста қарастырылуы практикалық маңыздылығын құрайды. Зерттеуде қолдан жасалған құндылықтарды айқындау мақсатында қолданылған герменевтикалық, желілік талдау, жинақтау әдістері арқылы бірқатар бинарлық оппозиция анықталады. Қол жеткізген негізгі нәтиже ретінде Э.Саид, Г.Ч.Спивак, С.Камерон, Э.Шац, Дж.Макнейл сынды ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, аталған романның постколониялық контексте талдануын, адам мен табиғат экологиясы маңызды аспект ретінде дәлелденуін айтуға болады. Авторлардың бүгінге дейін еуроцентристік тұжырымдама негізінде көшпелілерге телінген негатив парадигмаларды анықтап беруі жұмыстың құндылығын арттыра түседі. Әрі алдағы уақытта постколониализм, әлеуметтану саласына белгілі бір деңгейде өз үлесін қосады.

Түйін сөздер: орталық-периферия, билік қатынасы,ориентализм, субалтерндік.

 

Автор өмірбаяндары

  • Р. Болат, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Болат Рауан PhD докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: bolat_rauan@live.kaznu.kz);

  • З. Бисенғали, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Бисенғали Зейнол-Ғабден Қабиұлы филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: zinolgabden@hotmail.com);

  • Г. Токшылыкова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

    Токшылыкова Гульназ Базарбаевна  PhD, аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: gulnaz_lit75@mail.ru).

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-01