ХХІ ғасыр прозасындағы сюрреалистік шығармалар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2011202616

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ прозасында жазылған сюрреалистік бағыттағы шығармалар қарастырылады. Талданған туындылардан жаңа жазу тәсілдеріне ұмтылыс, тақырыптық ауқымның кеңеюі, психологиялық тереңдік, тілдік-структуралық ізденіс және ұлттық құндылықтарды жаңа эстетикалық ракурста таныту үрдісі байқалады. Зерттеу нысаны ретінде Мұхтар Мағауиннің «Қыпшақ аруы» повесіндегі Саржан кейіпкер арқылы ұлттық өнердегі ірі тұлға ретінде қалыптасудың қиындықтары баяндалса, Роза Мұқанованың «Тұтқын» шығармасындағы кейіпкер өзін ұлы санайтын, түрлі галлюцинациялық мезеттерге ұшырап отыратын суретші ретінде, Талаптан Ахметжановтың «Қылбұрау» әңгімесінде кейіпкерлер психологиясы түс, елес арқылы бейнеленеді. Алмаз Мырзахметтің «Жазушы жазбасы» шығармасында реалды өмір мен кейіпкер әлемінің арасындағы мистикалық элементтер мен тылсым оқиғалардың көркемдік талап ерекшеліктері зерттелген. Қолғанат Мұраттың «Бөтен» әңгімесінде кейіпкердің бір уақыт пен кеңістікке байланбауы шығарма өзегі болса, Сәуле Досжанның «Үлкен үйдегі үрей» романында Арслан бейнесі арқылы имандылықтан аттаған, арсыздардың өмірі мен тарихын баян етеді. Зерттеудің мақсаты – ХХІ ғасыр қазақ прозасындағы сюрреалистік сипаттағы шығармаларды айқындап, ондағы түс, елес, галлюцинация, мистикалық және иррационалдық көріністердің көркемдік қызметін талдау. Осы мақсатқа сәйкес сюрреалистік поэтиканың негізгі белгілерін анықтау, оларды нақты шығармалар жүйесінде салыстыра қарастыру және қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік ізденістермен сабақтастығын көрсету міндеттері алға қойылды. Талдау барысында сюрреалистік шығармалардың негізгі ерекшеліктері айқындалып, түс пен елес мотивтері арқылы қоғамдағы дағдарыстық құбылыстардың астарлы түрде берілуі қарастырылады. Сонымен қатар мұндай тәсілдің оқырман санасында үрейге негізделген психологиялық әсер туғызу қызметі анықталады. 

Түйін сөздер: сюрреализм, түс, елес, сюрреалистік сілемдер, қазіргі қазақ прозасы.

Автор өмірбаяндары

  • Ж. Дильдебаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Дильдебаева Жайна Шынболатовна (корреспондент автор) – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: zhaina.dildebayeva@gmail.com);

  • K. Ахмет, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Ахмет Күләш Садыққызы – филология ғылымдарының докторы, доцент, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: akhmet2013@list.ru);

  • Д. Түркйылмаз, Анкара Қажы Байрам Уәли университеті, Түркия, Анкара қ.

    Түркйылмаз Дилек – профессор, Анкара Қажы Байрам Уәли университеті (Түркия, Анкара қ., e-mail: dilek.turkyilmaz@hbk.edu.tr).

Жарияланды

2026-03-27