Медициналық мәтіндер – «бөтен» дискурстағы жаңа шындық
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh201120267Аңдатпа
Мақала медициналық мәтіндердің «бөтен» дискурста, яғни көркем дискурста, бұқаралық ақпарат құралдары тілінде және әртүрлі ток-шоуларда қызмет ету ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Мақаланың мақсаты – адам денсаулығына, ауруға және оның алдын алуға қатысты медициналық білімнің арнайы емес мәтіндерде берілу ерекшеліктерін анықтау. Медициналық мәтінді «бөтен» дискурста зерттеу тілдің дәрігердің кәсіби ойлау ерекшелігін қалай жеткізетінін, медициналық сананың өнімдерін қалай бейнелейтінін және арнайы емес мәтіндерде медициналық ақпаратты тудыру мен түсіну үдерістерінің қалай жүзеге асатынын пайымдауға мүмкіндік береді. «Бөтен» дискурс деп құрамында медициналық ақпараты бар, бірақ арнайы медициналық дискурсқа жатпайтын, көркем дискурста, БАҚ тілінде және ток-шоуларда қызмет ететін мәтіндер түсініледі. Зерттеуде мазмұндық талдау және дискурстық талдау әдістері қолданылды. Нәтижелер медициналық терминдердің белсенді қолданылуы мәтіндегі арнайы ақпараттың объективтілігін айқындай отырып, оқырманға жасырын ықпал ететінін көрсетті. Адам денсаулығына қатысты арнайы, көркем және медиа мәтіндерді талдау тілдік регистрдің өзгеретінін анықтады. Медициналық терминдердің «бөтен» дискурста қызмет етуі олардың ағартушылық қызметін дәлелдейді. Арнайы мәтін тек дәрігердің ғана емес, қарапайым оқырманның да ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай мәтіндер кәсіби дүниетаным қырларын сипаттайтын белгілі бір лексикалық бірліктер арқылы таңбаланады.
Түйін сөздер: мәтін, медициналық мәтін, дискурс, бөтен дискурс, көркем дискурс.







