Тілдік құқықбұзушылық көрінісі ретіндегі коммуникативтік қысымның прагмалингвистикалық құралдары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2011202612

Аңдатпа

Түрлі сөйлеу жағдаятында өрбитін тұлғааралық коммуникация үдерісінде көрініс беретін сөйлеу әрекеттерінің қатарында коммуникативтік қысым немесе сөз қысымы да орын алады. Тұлғааралық коммуникация үдерісінде адресанттың адресатқа агрессивті ықпал етуге бағытталған сөздерінің кейбір жағдайлары адресат-тұлғаның құқықтық мәселедегі еркін шектеу, оны өзі қаламайтын іске мәжбүрлеу сияқты әрекетін қамтуына байланысты тілдік құқықбұзушылық қатарында қарастырылу мүмкіндігіне ие. Бұл жағдай коммуникативтік қысымның лингвистикалық белгілері мен тілдік құралдарын зерттеудің сот лингвистика теориясы мен практикасы үшін маңыздылығын көрсетеді.

Мақалада осы жоғарыда көрсетілген мәселе шешімінде коммуникативтік қысымның тілдік құқықбұзушылық көрінісі ретіндегі дерегіне лингвистикалық талдау жасау арқылы оның басты лингвистикалық белгілерін, сөйлеу стратегиялары мен тактикаларын анықтау мақсаты көзделеді. Осы орайда коммуникативтік қысымның нақты дерегіне ажырасқан ерлі-зайыптылар арасында жазылған қолхат пен әңгіме бейнежазбасының стенограммасына лингвистикалық зерттеу жүргізілді.

Мақалада коммуникативтік қысым адресаттың немесе қарсы тараптың мүддесіне залалды (деструктивті), оның құқығына қайшы ықпал етуге құрылған сөйлеу актісі тұрғысынан қарастырылады. Тыңдаушыға ықпал етуге бағытталған әрекет ретіндегі коммуникативтік қысымды зерттеуде сөйлеу актілері теориясының ғылыми тұжырымдамалары және прагмалингвистикалық, сонымен қатар синтаксистік, стильдік, емле талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.

Нәтижесінде ажырасқан ерлі-зайыптылар арасында жазылған қолхат пен әңгіменің бейнежазбасы негізінде адресант тарапынан адресаттың (тыңдаушының) еркін шектеу жағдайында жүзеге асырылған коммуникативтік қысым сөздеріне тән прагмалингвистикалық белгілер мен  тілдік құралдары анықталады және тілдік тактикалары жүйеленеді.

Түйін сөздер: коммуникативтік қысым, вербалды құралдар, сөйлеу стратегиялары, тілдік тактикалар, тілдік құқықбұзушылық.

Автор өмірбаяндары

  • А. Таусоғарова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Таусогарова Аяужан Кайратовна (корреспондент автор) – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: ayauzhan1971@gmail.com);

  • А. Жамалбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Жамалбек Асқар Мұсабекұлы – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: oskar92@mail.ru);

  • Ж. Әлішева, Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Әлішева Жазира Асқарбекқызы – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: zhazira.askarbekkyzy@gmail.com);

  • С. Итегулова, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Итегулова Сая Аганасовна – филология ғылымдарының кандидаты, профессоры м.а, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: itegul-saya@mail.ru).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары