И.А. Одеговтың «Крылатая невеста Махди» повесіндегі трансмәдени кеңістік
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh2011202617Аңдатпа
Мақала И.А. Одеговтың «Махдидың қанатты қалыңдығы» повесіндегі трансмәдени кеңістікті талдауға арналған. Зерттеу қазіргі қазақстандық орыс тілді әдебиетінің ерекшеліктерін айқындай отырып, трансмәдени құбылысты В. Вельш, Х. Бхабха, У.М. Бахтикиреева, Э.Ф. Шафранская және басқа да ғалымдардың тұжырымдамалары негізінде қарастырады. Повесть әртүрлі мәдени кодтардың, ұжымдық жад формаларының және қазақтың жергілікті дәстүрлі элементтерінің өзара әрекеттесуінен туындайтын көркем модель ретінде сипатталады. Зерттеуде мәтіндегі қалалық және дала мәдениеттерінің тоғысуы, дәстүрлі және заманауи дүниетанымдық тәжірибелердің қабаттасуы, сондай-ақ мәдениеттер шекарасындағы медиатор-бақылаушы бейнесі талданады. Тілдік гибридтілік, мәдени архетиптер, хронотоп және трансмәдени көркем шындықты құрайтын бейнелерге ерекше назар аударылады. Жұмыс И.А. Одегов повесінің мәдени гибридтену мен диалог кеңістігі ретінде қызмет ететінін, сондай-ақ қазіргі қазақстандық әдеби үдерістің айрықша табиғатын танытатынын көрсетеді. Мақалада мәтіндегі трансмәдени құбылыстың тек тақырыптық деңгейде ғана емес, құрылымдық-поэтикалық деңгейде де жүзеге асатыны, соның нәтижесінде көркем мағыналардың ерекше жүйесі қалыптасатыны негізделеді. Жүргізілген талдау мәдени «шекаралық» кеңістіктегі тұлғалық бірегейліктің репрезентациялану тетіктерін айқындайды. Алынған тұжырымдар Қазақстандағы орыс тілді әдебиетті одан әрі зерттеуде және қазіргі әдебиет пен трансмәдениет теориясы мәселелеріне арналған оқу курстарында пайдаланылуы мүмкін.
Түйін сөздер: трансмәденилік, орыс тілді әдебиет, И.А. Одегов, шекаралық әдебиет, мәдениеттер диалогы.







