Академиялық жазылымды игерудегі қиындықтар: ҚазҰУ студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2033202622

Аңдатпа

Мақалада академиялық жазылымды игерудегі қиындықтар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері арасында жүргізілген авторлық сауалнама нәтижелері негізінде талданды. Зерттеудің мақсаты – академиялық жазылымды меңгеру кезінде пайда болатын негізгі психологиялық және академиялық қиындықтарды, сондай-ақ оқудың тиімді аспектілерін анықтау. Сауалнамаға филология факультетінің бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде  білім алушылар қатысты. Олардың жалпы саны 203 респондентті құрады. Сандық және сапалық талдау әдістері қолданылды. Сауалнама Google forms платформасы арқылы онлайн форматты жүргізілді. 203 респонденттерден жиналған мәліметтер сипаттамалық және мазмұндық талдау әдістері арқылы жүйеленіп, негізгі тақырыптық категорияларға бөлінді, пайыздық көрсеткіштері анықталды. Сауалнама нәтижелері студенттердің басым бөлігінің академиялық жазылым пәнін пайдалы деп бағалайтынын және пәннің ғылыми мәтін құрастыру, дәйексөз келтіру, мәтінді құрылымдау дағдыларын дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Студенттердің пәнді меңгеруге деген қызығушылығы жоғары, алайда қазақ тілді аудиториясында пән ағылшын тілді материалдардың негізінде құрастырылып, оқытылатыны және  үлгі мәтіндерді, бейнематериалдарды және қосымша әдістемелік ресурстарды көбейту сияқты практикалық тапсырмалардың жеткіліксіздігі негізгі академиялық қиындықтарға жетелейтіндігі анықталды. Зерттеу нәтижелері қазақ тілді аудиториясы үшін жұмыс дәптерінің жоқтығын көрсетті және оны әзірлеу, жетілдіру қажеттілігі анықталды. Мақалада академиялық жазылым пәнін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар беріліп, жоғары оқу орындарындағы академиялық коммуникация мәдениетін дамыту мәселелері қарастырылады.

Түйін сөздер: академиялық жазылым, ғылыми мәтін, жазылым дағдысы, академиялық дискурс, жоғары білім, студент, психологиялық кедергілер, академиялық сауаттылық.

Автор өмірбаяндары

  • Қ. Кенжеқанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Кенжеқанова Құралай Кенжеқанқызы – PhD, ассистент- профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: kuralay.kenzhekanova@mail.ru)

  • У. Анесова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Анесова Умит Гарифуллаевна – PhD, аға оқытушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: umit.anessova@yandex.ru)

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары