Мультимедиялық технологиялар негізінде академиялық жазылым қабілеттерін қалыптастыру

Авторлар

  • Ж. Ахметова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ. https://orcid.org/0000-0002-4568-4624
  • С. Нұрғали Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0002-6679-9578
  • А. Токтанова Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0002-9953-7339
  • А. Сарбасова КИМЭП университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-2712-9221

DOI:

10.26577/EJPh2011202622

Аңдатпа

Мақалада мультимедиялық технологияларды пайдалану арқылы академиялық жазылым қабілеттерін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері мен тәжірибелік мүмкіндіктері қарастырылады. Қазіргі жоғары білім беру жүйесінде академиялық жазылым студенттің академиялық және кәсіби әлеуетін айқындайтын негізгі құзыреттердің бірі болып табылады. Цифрландыру жағдайында дәстүрлі мәтінге негізделген оқыту модельдері білім алушылардың танымдық, коммуникативтік және шығармашылық қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмай отыр. Осыған байланысты мультимедиялық технологиялар, атап айтқанда бейнедәрістер, интерактивті платформалар, гипермәтін, подкасттар, инфографика және цифрлық сторителлинг академиялық жазылымды оқытудың тиімді құралдары ретінде қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты – мультимедиялық технологиялар арқылы академиялық жазылым қабілеттерін қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындау және олардың педагогикалық әлеуетін ғылыми тұрғыда негіздеу. Зерттеу барысында талдау, синтез, салыстыру және жүйелеу сияқты жалпы ғылыми әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижелері мультимедиялық білім беру ортасының студенттердің академиялық мәтін құрастыру, дәлелдеме ұсыну, дереккөздермен сыни жұмыс істеу және академиялық стиль нормаларын сақтау қабілеттерінің дамуына оң әсер ететінін көрсетті. Мақаланың ғылыми жаңалығы мультимедиялық технологияларды академиялық жазылымды қалыптастырудың кешенді моделі ретінде ұсынуымен айқындалады. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарында академиялық жазылым курстарын жетілдіруге, оқытушылардың әдістемелік қоржынын толықтыруға және білім алушылардың академиялық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: мультимедиялық технологиялар, академиялық жазылым, академиялық сауаттылық, жоғары білім, цифрлық педагогика, академиялық адалдық.  

Автор өмірбаяндары

  • Ж. Ахметова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ.

    Ахметова Жанар Абдрахманқызы (корреспондент автор) – PhD докторант, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Қазақстан, Түркістан қ., e-mail: zhanar.akhmetova@ayu.edu.kz);

  • С. Нұрғали, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

    Нұрғали Сәуле – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: Sorentooo@mail.ru);

  • А. Токтанова, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан, Талдықорған қ.

    Токтанова Асель Керимовна – PhD, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Қазақстан, Талдықорған қ., e-mail: assel_miledi83@mail.ru);

  • А. Сарбасова, КИМЭП университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Сарбасова Арайлым – PhD, КИМЭП университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: a.sarbassova@kimep.kz).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі