Эмоционалдық интеллект және оның екінші тілді меңгерудегі рөлі: лингводидактикалық және психологиялық аспектілер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2033202621

Аңдатпа

Мақалада эмоционалдық интеллектінің екінші тілді меңгеру үдерісіндегі рөлі лингводидактикалық және психологиялық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі тіл үйренудегі аффективті факторлардың маңыздылығының артуымен және Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі көптілді ортада студенттердің эмоциялық дайындығын ескеру қажеттілігімен байланысты. Зерттеудің мақсаты – студенттердің эмоционалдық интеллектісі, шет тілін үйрену кезіндегі мазасыздық деңгейі және коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуы арасындағы байланысты анықтау. Зерттеу барысында сипаттамалық және корреляциялық талдау әдістері қолданылды. Эмпирикалық деректер 120 студенттен FLCAS және TEIQue-SF шкалалары негізінде әзірленген сауалнама арқылы жиналды. Зерттеу нәтижелері эмоционалдық интеллект пен шет тілін үйренудегі мазасыздық арасында кері байланыс бар екенін көрсетті: өзін-өзі реттеу, эмпатия және эмоциялық тұрақтылық деңгейі жоғары студенттерде мазасыздық төмен болып, ауызша коммуникацияға қатысуға дайындығы жоғары болады. Сонымен қатар эмоционалдық интеллект аффективті кедергіні азайтуға, оқу мотивациясын арттыруға және студенттердің екінші тілді меңгеру барысындағы сенімділігін күшейтуге ықпал ететіні анықталды. Зерттеудің практикалық маңызы оның нәтижелерін эмоциялық қолдауға негізделген оқыту стратегияларын, коммуникативтік тапсырмаларды және тілдік білім беру бағдарламаларын әзірлеуде қолдануға болатындығымен айқындалады. Қорытындысында эмоционалдық интеллект екінші тілді табысты меңгерудің маңызды құрамдасы және тілдік білім беруді ізгілендірудің негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылады.

Түйін сөздер: эмоционалдық интеллект, екінші тілді меңгеру, аффективті сүзгі, тілдік мазасыздық, коммуникативтік құзыреттілік, лингводидактика, өзін-өзі реттеу, Қазақстандағы жоғары білім.

Автор өмірбаяндары

  • Т. Игенбай, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Игенбай Тоқжан Ербосынқызы – PhD, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: tokzani@gmail.com)

  • А. Набидуллин, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Набидуллин Айболат Сарсенбаевич – PhD, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: aibosha@mail.ru)

  • Ч. Ордабаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Ордабаев Чингиз Канатович – магистр, оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: ordabayevchingiz@gmail.com)

  • Е. Әбдімомынов, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, Қазақстан, Тараз қ.

    Әбдімомынов Еділбек Бақытжанұлы – PhD, қауымдастырылған профессор м.а., Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті (Қазақстан, Тараз қ., e-mail: edil889@mail.ru)

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі