Қытай академиялық ғылымындағы интертекстуалдылық теориясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2033202620

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың 1980-жылдарынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі Қытай академиялық ғылымындағы Батыс интертекстуалдылық теориясының қабылдануы, бейімделуі және дамуы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – интертекстуалдылық теориясының Қытай гуманитарлық ғылымына ену кезеңдерін анықтау, оның әдеби-сыни әдістен пәнаралық зерттеу парадигмасына айналу ерекшелігін көрсету, сондай-ақ осы бағыттағы жетістіктерді, шектеулерді және болашақ даму мүмкіндіктерін айқындау. Зерттеудің әдіснамалық негізін тарихи-талдамалық, салыстырмалы, пәнаралық және герменевтикалық тәсілдер құрады. Талдау барысында интертекстуалдылық теориясының аударылуы, түсіндірілуі, академиялық ортада игерілуі және жергілікті ғылыми дәстүрге бейімделуі, сондай-ақ дәстүрлі қытай әдеби сыны мен поэтикасымен байланысы қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде Қытай гуманитарлық ғылымының Батыс теориясын бастапқы қабылдаудан оны сыни тұрғыдан пайымдауға және әдебиеттану, тіл білімі, аударматану, медиа зерттеулері, педагогика мен өнертану салаларында қолдануға дейінгі даму жолы көрсетілді. Қазіргі зерттеулердегі негізгі шектеулер ретінде теорияны жергілікті ғылыми контексте терең игерудің жеткіліксіздігі, сапалық әдістердің басымдығы, цифрлық құралдардың әлсіз дамуы және пәнаралық интеграцияның толық қалыптаспауы анықталды. Қорытындысында Қытайдағы интертекстуалдылық теориясының әрі қарай дамуы гуманитарлық зерттеулердің цифрлық трансформациясымен, жергілікті теориялық жүйе қалыптастырумен және пәнаралық академиялық диалогты кеңейтумен байланысты екені тұжырымдалды.

Түйін сөздер: интертекстуалдылық теориясы, пәнаралық зерттеулер, әдебиет теориясын жергіліктендіру, Қытай гуманитарлық ғылымы, мәдениетаралық диалог.

Автор өмірбаяндары

  • Хоу На, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Хоу На (корреспондент автор) – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: houna999@163.com)

  • Ж. Салханова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Салханова Жанат Хамаровна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор м.а., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: salkhanova.zhanat@mail.ru)

  • А. Өтебекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Өтебекова Арай Саянқызы – PhD, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: aray.utebekova@yahoo.com)

Жарияланды

2026-09-20