Күрделі сөздерді оқыту әдістемесі
Ключевые слова:
күрделі сөздер, бірге және бөлек жазылатын сөздер, күрделі сөз орфографиясы, т.б.Аннотация
Мақалада күрделі сөздерді оқытуда басшылыққа алынатын негізгі мәселелер қарастырылады. Сөздер грамматикалық тұрғыдан құрамына қарай дара және күрделі сөздерге бөлінетіндігі, күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер болып бөлінеді туралы ғалымдардың пікірлері қарастырылады. Күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың белгілі бір жолдары (біріктіру, қосарлау, тірекестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, сөйтіп, түбірдің бір түрі болып табылады баяндалады. Күрделi сөздердi бiрбүтiн тiлдiк бiрлiк ретiнде танудың үш түрлi критерийi, яғни семантикалық, морфологиялық және синтаксистiк тұтастық бола алу қабілеті сөз етіледі. Күрделі сөздерді оқытуда күрделі сөздердің емлесіне бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуына және оларды бірге жазуда арнайы ұстанымдардың басшылыққа алыну керектігі қарастырылады. Күрделі сөзді оқытуда «сатылы-кешенді тадау технологиясының» орны мен қызметі айқындалады. Бұл технология арқылы күрделі сөзді талдаудың артықшылығы нақты мысалдар арқылы беріледі.Загрузки
Выпуск
Раздел
Языкознание
Как цитировать
Күрделі сөздерді оқыту әдістемесі. (2018). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 162(4). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2044
