Т.Абдіков және Х.Әдібаев прозаcының философиялық дискурс өзгешелігі

Авторлар

  • N. К. Sarsekeeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

сюжетная ситуация, философский дискурс, автор, исповедь, герой, литературная традиция, мотив, ирреальное.

Аңдатпа

Мақалада бүгінгі Қазақстан жазушылары T.Әбдiков пен Х.Әдібaeвтың философиялық дискурс ерекшелігі қарастырылады. Оның өзгешелі М.Бахтин тұжырымдағандай «айна алдындағы адам» сюжеттік желісін пайдалануы болып табылады. Экзистенциалды сипаттағы ішкі сезімдер сарынының болуы, кейіпкерлердің рухани санасындағы шектеулі жағдайына назар аударуы, ирреалды кеңістіктің кеңеюіне әкеледі деген түсінік бар. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі қазіргі интеллектуалды-философиялық прозадағы көркемдік дискурстық шығармаларға талдау «ақиқат жаршысы» ұлттық әдеби дәстүр диалогы мен әлемдік әдебиет процесінің жетістігі аясында жүргізуді қажат ететіндігін көрсетті. Ақиқатты концептуалды қорытындылауға талпынудың айқын көрінісі, кешегі мен бүгіннің байланысы Қазақстан жазушылар дискурсын ерекшелендіреді. Жүргізілген бақылаулар нәтижесі мәтіннің барлық – сюжеттік, фабулалық және стильдік деңгейінде «дауыстардың» тоғысуы, қаламгерлердің жаңа мағынаны ескі белгілі бағыттармен сәйкестендіре отырып сипаттауға, автор мен оқырман арақатынасын тең дәрежелі коммуниканттар ретінде айқындап, сонымен қатар бүгінгі мәдениет кеңістігіндегі астарлы байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді деген ұйғарымға әкеледі.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары