Қазақ тіліндегі ілік септіктің буынтұрқы мен дыбыс құрамы

Авторлар

  • А. Zunisbek
  • Е. Seitkazy Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Кілт сөздер:

қосымша, буын, дыбыс, ілік септігі, артикуляция.

Аңдатпа

Мақалада қазақ тілінің морфем тұрқы жайлы мәлімет беріледі. Үндесім тілдерде морфема тек буындеңгейінде ғана болатыны ескеріліп, оқулықтар мен оқу-құралдарында кездесетін дәстүрлі дауыссыз морфеманың мүмкін еместігі көрсетіледі. Ілік септік қосымшаларының жасалым (артикуляция) және айтылым (перцепция) құрылымының орфография-орфоэпиялық талданымы жасалды. Қазақ тілініндегі ерін үндестігіне қатысты емле-ереженің салдарынан ескерілмей келген еріндік әуезді үлгілері анықталды. Соның нәтижесінде ілік септік қосымшаларының құрамына едәуір өзгерістер енгізіліп, сан мөлшері артты. Ілік септік қосымшалары жасалым-айтылым тұрғысынан кешенді түрде талданып, барлық үндесім үлгілерінің көрнекі интерактив слайд-модельдері құрастырылды, әдеби мәтіндерден мысал келтірілді. Қосымшалардың жуан/жіңішке, еріндік/езулік әуездерінің арасындағы айырым-ортақ (дифференциал) белгілерінің жүйелі талданымы берілді.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары