Тілді зерттеудегі лингвистикалық бағыттардың ерекшеліктері
Аңдатпа
Мақала авторлары тілдің табиғатын зерттеуге арналған лингвистикалық бағыттар мен олардың ерекшеліктеріне тоқталады. Бұл мәселені зерттеу туралы пікірлерімен бөліседі. Лингвистер әрбір адамның басында өз ана тілінің грамматикасы – дұрыс сөйлеуге көмектесетін механизм бар деп түсіндіреді. Әр адамның ана тілінде еркін сөйлегенімен, оны қалай құрғанын түсіндіре алмайтындығы айтылады. Демек, адам жадысында жасырын ұлттық код бар екенін, оны өзі де аңғармайтыны сөз етіледі. Тілдің осындай жан-жақты қырларын ашу үшін лингвистикадағы бірнеше: құрылымдық, функционалдық, генеративтік, когнитивтік бағыттарға тоқталады. Олардың негізгі зерттеу нысандарын, қызметтерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін саралап шығады. Сол саланы зерттеген ғалымдардың еңбегін талдап, қорытынды шығарады.








