Қазақ ресми-іскери клишелерінің ерекшеліктері

Авторлар

  • Mambetova M.K, Iskakova G.N, Dossanova A.M әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph23

Аңдатпа

Бұл жұмыста тілде дайын қолданылатын бірліктерге жататын клише ұғымының тілдік
табиғаты, оның ішінде арнайы қазақ ресми-іскери клише тұлғаларының семантикасы мен қызметі
қарастырылады. Бұл зерттеудің мақсаты ресми-іскери клишелерінің семантикалық, құрылымдық
ерекшеліктерін анықтай отырып, оларды оқыту үдерісінде дұрыс қолдану жолдарын ұсыну. Осы
мақсатқа жету үшін жұмыста сипаттау, салыстыру, топтастыру, компоненттік талдау әдістері
қолданылды. Ресми-іскери тіл – өзіне тән дәстүрлі тілдік құралдары, белгілі бір талаптары мен
шектері бар сала. Ресми-іскери стиль үшін бірден бір даралаушы, шешуші рөл атқарып, оның
дамуы мен қалыптасу дәрежесін айқындап тұратын қасиеті – клишелілік болып табылады.
Клишелік кей стильде кемшілік болып саналса, ресми-іскери стиль үшін заңдылық. Ресми-іскери
клишелері қандай да бір коммуникативтік ресми-іскери жағдаяттың жиі қайталануынан пайда
болған, ол тілдегі дәлдік, ықшамдылық және үнемділік қағидаларын жүзеге асырады. Клише
– ресми-іскери стильдің қалыптасқандығын, стандарттылығын және кодификацияланғандығын
куәландыратын міндетті құрылымдық және таңбалық элемент. Зерттеу нәтижесінде мынадай
қорытындылар жасалды: қазақ ресми-іскери клишелері а) тақырыбы шектеулі: тікелей қоғамдағы
әкімшілік-басқару, заңдық-құқықтық, дипломатия, іс жүргізу салаларында туындайды; ә) ойды
дәл әрі нақты жеткізуге жағдай жасайды; б) ықшамдылық пен үнемділікті жүзеге асырады; в)
құжатты бір ізге түсіреді; г) хабарлау, уәж айту, бұйыру, өтіну секілді негізгі мағыналарды береді;
ғ) құрамы көбіне сөз тіркесі, кейде сөйлем деңгейінде көрінеді. Ресми-іскери клишелерінің
мағыналық-құрылымдық ерекшеліктерін айқындау арқылы дайын тілдік формулалар сөздігін
құрастырып, қазақ ресми-іскери тілін оқытуда қолдану ұсынылады.

Жарияланды

2019-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі